25
май
2022
🔔«ТҮЛЕК 2022 – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ»🇰🇿
Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, мектеп-лицейді бітіріп, жас түлектер үшін, ең қымбат,ең қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентер сәт, соңғы қоңырау соғылып, алтын ұя мектебімен қоштасуда.
N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиынға Сырдария ауданының әкімі Мұрат Нәлхожаұлы Ергешбаев, Қазақстандағы Ресей Федерациясы елшілігінің Алматыдағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігі басшысының орынбасары Татьяна Викторовна Барышникова, ардагер-ұстаздарымыз, ата-аналар және ұстаздар қауымы қатысты. Мерекелік шара барысында аудан басшысы ұстаздар мен оқушыларды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Іс-шара барысында Қазақстандағы Ресей федерациясы елшілігінің Алматыдағы Ресей ынтымақтастығы өкілі Татьяна Барышникова бітіруші түлектерді құттықтап, білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін бастауыш сынып мұғалімі Елена Анатольевна Мясцованы алғыс хатымен марапаттады.
Балалықтың бал шағын артқа тастап, үлкен өмірдің табалдырығын аттағалы тұрған мектеп түлектері соңғы қоңырау ұрып, мектеп вальсін сән-салтанатымен билеп, білім кілтін 10 сыныптың оқу үздігіне табыстады. Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар оқушылар білім алған мектеп-лицейінің абыройын жоғары ұстауға, елдің жарқын болашағы жолында еңбек етуге ант етті.
Құрметті жас түлектер! Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсетіп, армандаған білім ордаларыңызға оқуға түсіп, алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын! Болашаққа қадам басқан жаңа өмірлеріңізге сәттілік тілейміз. Ақ жол!
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1372206623284393/338654165074443https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1372206623284393/533251394948968
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1372206623284393/558504978957027
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1372206623284393/1218104698995667
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1372206623284393/989186361783947






