МЕКТЕП ҮШІН МАҢЫЗДЫ КҮН. » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕП ҮШІН МАҢЫЗДЫ КҮН.
17
октябрь
2023

МЕКТЕП ҮШІН МАҢЫЗДЫ КҮН.

МЕКТЕП ҮШІН МАҢЫЗДЫ КҮН. 

Мектебімізде "Жасыл мектеп" жобасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Мектебімізді жасыл желекке айналдыру,  табиғатты аялау ,  жылыжайдағы өнімдерге  күтім жасауға оқушыларды баулу,
жылыжай жұмыстарын жандандыру мақсатында  өнімдерін  көбейтіп, оларға үнемі күтім жасауды жоба мүшелері қолға алған. Оған дәлел мектеп-лицейіміз "Жасыл мектеп" жобасы негізінде 2021 жылы "Үздік экологиялық жоба" номинациясын жеңіп алған болатын. Осы бағыттағы жұмыстарымыз бүгін де жалғасын тапты. Бүгін №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейі үшін тарихи күн болды. Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры Радыгина Вероника, осы университеттің біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының директоры, доцент Шеститко Ирина мен Минск қаласы, Мәскеу ауданы Әкімшілігінің Білім басқармасы басшысының орынбасары Геро Наталья және Минск қаласы жетекші мектептері директорларының делегациясы Сыр еліне арнайы жұмыс сапарымен келген болатын. Мектеп-лицейіміздің   "Жасыл мектеп" жобасының жұмысын  әрі қарай жандандыру, жылыжай ісін дамыту, оқушыларымызды қоршаған ортаны таза ұстауға баулу мақсатындағы жұмыстарымызды алға жылжытып, теорияны тәжірибемен ұштастыру бағытында  халықаралық ынтымақтастық орнатып, меморандумға қол қойылды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив