15
июнь
2023
"Химия-биология" апталығы
№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде "Химия-биология" апталығы аясындағы жұмыстар өз жалғасын табуда. Бүгін 14 сәуір күні мектеп-лицейімізге аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Сьездұлы келіп "жылыжай" жұмысымен танысып, қияр мен құлпынайдың алғашқы өнімін жинады. Апталық аясындағы "Ағаш отырғызу" акциясы барысында 11-сынып бітіруші түлектерімен ағаш отырғызып, болашақтарына ақ жол тілеп, грант иегерлері атануына тілек білдірді. Химиядан облыстық олимпиада жеңімпазы 8 "а" сынып оқушысы Семенов Даниилмен химия пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатындағы өткізген тәжірибесі туралы әңгімелесті. "Жасыл аймақ" оқушылардың ғылыми-зерттеу орталығының мүшелерімен теориялық білімдерін тәжірибеде пайдаланып жатқаны және өсімдіктердің пайдалы қасиеттері туралы өзара пікір алмасты.








