🌿"ЖАСЫЛ АЙМАҚ" оқушылардың ғылыми-зерттеу орталығы жұмыстары қарқынды жүруде! » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🌿"ЖАСЫЛ АЙМАҚ" оқушылардың ғылыми-зерттеу орталығы жұмыстары қарқынды жүруде!
02
декабрь
2021

🌿"ЖАСЫЛ АЙМАҚ" оқушылардың ғылыми-зерттеу орталығы жұмыстары қарқынды жүруде!

   Мектеп - лицей жылыжайында егілген қияр көкөнісі нитратсыз, қоректік заттарға бай және экологиялық таза өнім болып табылады. Бүгінгі күні жылыжайда қиярдан бөлек ақжелкен, аскөк, шалғам, салат жапырақтарын егіп, өнімін алу жоспарлануда. Бұл жоба оқушыларды еңбек етуге баулып қана қоймай, олардың сабаққа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Сондай-ақ мұғалімдерге де сабақты тәжірибемен ұштастырып өткізуге мүмкіндік береді. "Жасыл аймақ" оқушылардың ғылыми - зерттеу орталығы нәтижелі жұмыстарының бір көрінісі ретінде оқушылардың түрлі ғылыми жобаларға белсене қатысып, өз білімдерін шынайы тәжірибе жұмыстарымен ұштастырып отыратынын атап айтуға болады! 
   Ғылыми-зерттеу орталығы мүшелеріне және жетекшілік жасайтын ұстаздарымызға шығармашылық еңбектеріне телегей табыс, мол өнім тілейміз! 🥒🥬🥦🍅




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив