ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА ЦИКЛ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА. » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА ЦИКЛ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА.
26
октябрь
2021

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА ЦИКЛ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА.

        ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
      Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 22 қазан күні Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша жалпы білім беру ұйымдарының 11 сынып оқушылары арасында Президенттік олимпиаданың екінші іріктеу кезеңі өткізілді.
        Олимпиада барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып оффлайн форматта «Дарын»  РҒПО жауапты қызметкерлерінің қатысуымен  №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты базасында өткізілді. 
Олимпиада oqylyq.kz. платформасында өткізілді.
🖥- 1 (тестілеу) тур республика бойынша бір уақытта басталып оқушылар жаратылыстану-математика бағытындағы  физика, математика, химия, биология пәні бойынша тест тапсырмалар орындады.
✍🏻- 2 тур (шығармашылық, эссе жазу) сол күні өткізілді. Эссе «Дарын» РҒПО ұсынған арнайы бланкіде жазылды. Эссе орындауға 1 сағат уақыт берілді. 
Олимпиаданың өту барысы ашықтық қағидасын сақтау мақсатында тікелей эфир арқылы YouTube  🎥 желісінен қадағаланып, жарияланды.
Олимпиаданың екінші іріктеу  кезеңіне Қызылорда облысы бойынша 21 оқушы қатысып, 10 оқушы  қорытынды кезеңге жолдама алды. Қорытынды кезеңге өткен оқушылардың арасында ауданымыздағы №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Әлтаева Жансая да бар. Ауданымыздың намысын қорғайтын Жансаяға тек сәттілік тілейміз! Әрдайым абырой биігінен көріне бер!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив