Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылармен жиналыс өткізілді » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылармен жиналыс өткізілді
26
сентябрь
2023

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылармен жиналыс өткізілді

№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде 2023 жылдың 5 қыркүйек күні 9-11 сыныптар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау, оқушылар арасында ұялы телефондардың ұрлануы, жоғалуы фактілерінің алдын алу, топтық төбелестің, оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу, бағыт беру мақсатында оқушылармен жиналыс өткізілді. Жиналысқа Қ.Көшекбаев – Сырдария АПб ЖПҚб бастығы,  Г.Жұмабек – Сырдария АПб ЖПҚб ЮПт УПИ-ры қатысты. Жиналысқа қатысушылар оқушылардың түнгі мезгілде көшеде әсіресе компьютерлік ойынханаларда жүрмеуі, жол жүру ережелерін сақтау, сабақтан тыс уақытта ата-аналардың балаларға көңіл бөліп қадағалау керектігін атап өтті. «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы», сондықтан бала тәрбиесіне мектеп мұғалімдерімен бірге ата-аналардың бірігіп жұмыс жасауы маңызды екенін түсіндірді. Қорытындылай келгенде кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы мен қылмыстылығы мәселесі қазіргі кезде тек құқық қорғау органдарын  толғандыратын мәселе емес, бүкіл халқымызды толғандыратын мәселе. Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің  бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен жауапкершілік екенін жан жақты сезіну керек.
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив