БАЛА ТӘРБИЕСІ -ОРТАҚ ІС » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БАЛА ТӘРБИЕСІ -ОРТАҚ ІС
16
май
2023

БАЛА ТӘРБИЕСІ -ОРТАҚ ІС

БАЛА ТӘРБИЕСІ -ОРТАҚ ІС
Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы орайда құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында оқу жылы басталғаннан бері мектеп-лицейімізде түрлі бағытта іс-шаралар атқарылып келеді. Кезекті іс-шарамыз 10 сәуір күні "Құқықбұзушылықтың алдын алу - басты міндет" тақырыбындағы ата-аналар жиналысымен жалғасын тапты. Жиналысқа жоғары сынып оқушылыраның ата-аналары мен Сырдария АПб-нің ЖПҚб-ның КТІЖ-дегі УПИ-ры полиция лейтенанты А.Созақбаев қатысты. Жиналыс барысында мектеп-лицей директоры Ж.Төреқұлова, мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ергалиева, УПИ-ры полиция лейтенанты А.Созақбаев, мектеп-лицей психологы Т.Садақбаев, жоғары сынып жетекшілері Ғ.Оспан мен Г.Әділбековалар құқықбұзушылықты болдырмау және оның алдын алу жолдары туралы хабарлама жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ жиналыста оқушылардың тәртібі жөнінде кеңінен талқыланып, бала – біздің болашағымыз екендігі туралы айтылып, болашағымызға немқұрайлы, жүрдім — бардым қарамай, бала тәрбиесінде ата – ана мен мектептің мақсаты бір екендігі туралы сөз етілді.
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив