26
сентябрь
2023
"Тіл мәртебесі - ел мәртебесі"
№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде 2023 жылдың 5 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асан Арайдың ұйымдастыруымен "Тілдер мерекесі" аясында 4-сынып оқушыларымен "Тіл мәртебесі - ел мәртебесі" тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Мақсаты: мектеп оқушыларына ана тілінің қадір-қасиетін біліп, ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету болып табылады.
Оқушылар 3 кезеңнен тұратын тапсырмаларды 3 топқа бөлініп орындап,өз деңгейлерін байқады.
Іс-шара тіл тазалығын сақтап, мәдениетті сөйлеуге, ана-тілінің қадір-қасиетін білуге, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге бағытталған. Қорытындылау мақсатында қазақ тілінің тарихын баяндайтын бейнебаян көрсетіліп, тілге арналған өлең-жырлар оқылды.
Танымдық іс-шараның соңында қатысушыларды ынталандыру мақсатында мақтау қағаздары берілді.




