🎊🛎️1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🎊🛎️1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
04
сентябрь
2023

🎊🛎️1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

🎊🛎️1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
   ⚜️Бүгін ата-ана үшін, ұстаз үшін, балалар үшін, жалпы халық үшін қуанышты күн. Әсіресе, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміздің жарқын мерекесі. 
Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейінде «МЕКТЕБІМ — МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» атты алғашқы қоңырау салтанаты өтті.
  ⚜️Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Еспенбетов Ролан  Манарбекұлы, Облыстық мәслихат депутаты Ембергенов Жұмабек Әшімұлы, Сырдария аудандық полиция бөлімінің бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Оспанов Азамат Айдуллаевич, Аудандық білім бөлімінің әдіскері Сақтағанова Салтанат қатысты. Қонақтар білім алушыларға, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытта жақсы білім мен өнеге алып, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестігін білдіріп, ұстаздар қауымына шығармашылық табыс тіледі.
  📚Білім — игілік пен бірлік, байлық пен дәулеттің негізгі көзі. Кемел келешекке қадам басқан Тәуелсіз қазақ елінің әрбір азаматы терең біліммен қаруланып, туған жерінің айбыны, мектептің мақтаны болуға міндетті.
 ⚜️Жаңа оқу жылының салтанатты шарасындағы құттықтаулардан кейін жарқын болашақтың кішкентай бүлдіршіндері жалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп, өлең жолдарын арнады. 
🛎️Күмбірлете соғылған қоңырау үні оқушыларды, мектебіміздің ең кішкентай бүлдіршіндерін жаңа қадамға талпындырып, жаңа оқу жылының алғашқы сабағына шақырды.
  📚Білім мен тәрбие – ұстаздардың ең негізгі өзегі десек, осы екі құндылық жолында аянбай тер төгіп, жұмыла жүк көтеру басты міндетіміз. Педагог мойнында ел ертеңі, бала болашағы деген зор жауапкершілік бар. Осы жауапкершілікті терең сезіне отырып, жаңа оқу жылы жаңашыл бағыт, жарқын қадаммен басталып, жоғары жетістікпен жалғассын!


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив