01
сентябрь
2022
🔔🔔АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ 🔔
№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде «Білім күні» аясындағы алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Жиынға аудандық әкім орынбасары Нұртазев Талғат Мейрамханұлы, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Төреқұлова Жанар Шәріпқызы арнайы қатысып, ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Жиын барысында мектеп-лицей директоры Үміт Қонысбайқызы өткен оқу жылының қорытындысына тоқталып, жаңа 2022-2023 оқу жылының мақсат міндеттерін атап өтті.
Атап өтетін болсақ өткен оқу жылында 38 оқушы аяқтап, 35 оқушы ҰБТға қатысып, оның ішінде 26 түлегіміз оқу орындарының грант иегері атанды.
Сонымен қатар жиында алғаш мектеп-лицей табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып оқушылары әдеби монтаждарын арнап, әндерін орындады.
Жиын соңында оқушылар мен ата-аналар үшін әсерлі сәт алғашқы қоңырау соғылып «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы бірыңғай тәрбие сағатына жалғасты.




