Оқушыларға » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Оқушыларға
ТҮЛЕКТЕР АҒАШЫ
15
июнь
2023
ТҮЛЕКТЕР АҒАШЫ
ТҮЛЕКТЕР АҒАШЫ 13 сәуір күні №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің 11 "в" сыныбының бітіруші түлектері сынып жетекшісі Палмахова Шолпан Таңатарқызының ұйымдастыруымен, ата-аналарының қолдауымен білім мен тәрбие алған білім ордасының ауласына "Түлектер аллеясын" жаңа туя қылқан жапырақты ағаштарымен толықтырды.  "Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді, Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді". Саналы ұрпақтарымыздың қатары көп болсын. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
16
май
2023
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 2023 жылдың 10 сәуір күні №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің базасында "Айбын-2023" әскери патриоттық жастар жиынының аудандық іріктеу турнирі болып өтті. "Айбын-2023" әскери патриоттық жарысында 10-сынып оқушысы Смат Нұрсат "Пневматикалық винтовкадан ату" әскери-спорттық сайысы бойынша жүлделі І орынды, "Белтемірге тартылу" әскери-спорттық сайысы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Командалық әскери қолданбалы спорттық сайысынан жүлделі І орын алды. Жетекшісі: Жарасов Жеңіс
БАЛА ТӘРБИЕСІ -ОРТАҚ ІС
16
май
2023
БАЛА ТӘРБИЕСІ -ОРТАҚ ІС
БАЛА ТӘРБИЕСІ -ОРТАҚ ІС Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы орайда құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында оқу жылы басталғаннан бері мектеп-лицейімізде түрлі бағытта іс-шаралар атқарылып келеді. Кезекті іс-шарамыз 10 сәуір күні "Құқықбұзушылықтың алдын алу - басты міндет" тақырыбындағы ата-аналар жиналысымен жалғасын тапты.
♻️ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ
29
ноябрь
2022
♻️ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ
  Ү.ж.  қараша айының 29 күні құқық бұзушылық және қылмыс, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау мақсатында 8 - 11 сынып оқушыларына арналған ақпараттық-танымдық бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізілді.       Түсіндірме жұмысының барысында  Сырдария аудандық прокуратурасының прокуроры Ұзақбаев Дәуірбек Бауырбекұлы, аудандық полиция бөлімі пробация қызметінің инспекторы Санжаров Ермек Серікұлы, Сырдария АПБ-ң ЖПҚб-ң ЮПТ-ң ҚТІЖ-дегі УПИ-ры полиция лейтенанты
құқық бұзушылықтың алдын алуға және болдырмауға бағытталған шаралар
23
ноябрь
2022
құқық бұзушылықтың алдын алуға және болдырмауға бағытталған шаралар
     Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және болдырмауға бағытталған шаралар,  құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің  нығая түсуіне ықпалын тигізеді.       Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі, зорлық-зомбылық бағытында ақпараттық танымдық біліммен қамтамасыз ету мақсатында Сырдария  АПб жергілікті полиция қызметі бөлімінің Ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы полиция
Қазақствн Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған электронды өнімдері ұсынылады.
13
июнь
2022
Қазақствн Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің
 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған төмендегі электронды өнімдерді ұстаздарға, тәрбиеленушілерге және оқушыларға оқу - тәрбие процесінде қолдануға ұсынамыз. - Қазақ тілін үйренуге бағытталған "Tilqural.kz", "Abai.institute", "Tilmedia.kz",  "Balatili.kz" порталдары; - сөздік қорды байытуға бағытталған "Emle.kz", "Termincom.kz", "Sozdikqor.kz", "Qazcorpora.kz" порталдары; - барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз
⚜️⚜️⚜️ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!⚜️⚜️⚜️
06
июнь
2022
⚜️⚜️⚜️ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!⚜️⚜️⚜️
"Дарын" республикалық ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының  арасында қазақ тілін меңгеру бойынша "Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің символы" атты республикалық қашықтық олимпиадасында оқушыларымыз жеңімпаз атанды. Мектеп-лицейіміздің  5 сынып оқушысы Лавров Ярослав жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі Аманшеитова ЗәуреАралбайқызы,  9 сынып оқушысы Морозов Николай жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі  Тұрлыбекова Жанар Абдрашитқызы.   Жарайсыздар!!!
⚜️⚜️⚜️ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!⚜️⚜️⚜️
29
апрель
2022
⚜️⚜️⚜️ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!⚜️⚜️⚜️
7-8 сынып оқушылары арасында өткізілген "Ұлттық мектеп лигасының" аудандық іріктеу жарысында "Былғары доп" футбол спорт түрі бойынша жүлделі І орынды N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің командасы иеленді.  Жетекшісі  Жақсылықов Самұрат.   Жарайсыздар! Облыстық кезеңге өткен командамызға сәттілік тілейміз!
⚜⚜⚜ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!⚜⚜⚜
26
апрель
2022
⚜⚜⚜ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!⚜⚜⚜
    Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген  "Өлең сөздің патшасы" атты аудандық Абай оқулары байқауында мектеп-лицейіміздің 9"г" сыныбының оқушысы Уәлибекова Ақгүл жүлделі ІІІ орынды иеленді.  Жетекшісі Шалабаева Алуа Әлиқызы.
⚜️⚜️⚜️ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!⚜️⚜️⚜️
26
апрель
2022
⚜️⚜️⚜️ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!⚜️⚜️⚜️
Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық "Мәшһүр - Жүсіп оқулары" тақырыбындағы облыстық байқауында мектеп-лицейіміздің 10"Б" сыныбының оқушысы ЖӨРГЕНБАЕВА ГҮЛНҰР  жүлделі ІІ орынды  иеленді.  Жетекшісі  Спан Бибігүл.