21
май
2022
"САҒАН МӘҢГІ БАСЫМДЫ ИЕМ, БАСТАУЫШЫМ!"🔔🔔🔔
Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы – мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы мектеп қабырғасында өтеді және білім нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған ұстаз мәңгілік есте қалатыны анық. Кеше ғана жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бүгінде қимастықпен бастауыш сыныппен, алғаш ұстаздарымен қоштасуда.
Мектеп-лицейіміздің бастауышты бітіруші сыныптары:
4"а" сынып жетекшісі
Верховодова Зоя Алексеевна,
4"ә" сынып жетекшісі Садуова Гүлсара Ашанайқызы,
4"б" сынып жетекшісі Ақбалаева Маржан Асылбекқызы,
4"в" сынып жетекшісі Ахметова Лаура Алдашқызы,
4"г" сынып жетекшісі Құлпеисова Азиза Серікбайқызы.
Ү.ж. мамыр айының 20 күні "САҒАН МӘҢГІ БАСЫМДЫ ИЕМ, БАСТАУЫШЫМ!" атты 4 сынып оқушыларының бастауыш сыныппен қоштасу мерекелік шарасы өтті. Мектеп-лицей директоры Үміт Қонысбайқызы және бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Гүлмира Төлеуқызы сөз алып, оқушылар мен сынып жетекшілерді жеткен жетістіктерімен құттықтап, бастауыш сыныпты бітіруші оқушыларды орта буында белсенділік танытып, жақсы жағынан көрінуіне сенім білдіріп, сәттілік тіледі! Оқушыларымыз өздерінің ұстаздарына деген құрметі мен ілтипаты ән-би, өлең шумақтары мен жеткізді. Жүздері бал-бұл жанған шәкірттерге ұстаздары, ата-аналар ақ тілектерін айтып, өмірдің жаңа бір табалдырығына қадам басуларымен құттықтап, сәт сапар тіледі!






