"ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ" ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ. » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ" ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ.
02
декабрь
2021

"ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ" ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ.

Аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей базасында  «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау " тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
      Семинардың мақсаты: «Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау тәсілдерін меңгеру; Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар мен дискрипторлар құрастыру; Қалыптастырушы және бөлім бойынша жиынтық бағалауда қолданылатын». Семинарға аудандық білім бөлімінің бастауыш сынып бойынша  әдіскері Нұрабаева Алуа Бахытбайқызы және  барлық мектептен бастауыш сынып  пән мұғалімдері қатыстырылды. 
       №36 мектеп-лицейдің директоры Жұмабаева Үміт Қонысбайқызы семинарды салтанатты түрде ашып беріп, сабақ беретін мұғалімдерге сәттілік тіледі. 
Бағдарлама бойынша төменде көрсетілген ұстаздарымыз өздерінің кәсіби біліктілігін көрсете отырып жоғары дәрежеде  ашық сабақтар өтті. 
4 «Ә» сыныбы Әдебиеттік оқу– «Ұлттық ойындарымыз» Садуова Гүлсара Ашанаевна
3 "Б" сынып Математика – «Измерение площади» Маханова Шолпан Базарбаевна
4 "А"сынып Литературное чтение - Мифы древней Греции «Об аргонавтах» Верховодова Зоя Алексеевна 
3 "Д"сынып Сыныптан тыс жұмыс - «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» Жарылқапова Алмагүл Серікқызы, Камалова Алтынай Казанбековна
4 "В"сынып Жаратылыстану – «Заттардың қасиеттері» Ахметова Лаура Алдашқызы 
2"В"сынып–Интеллектуальная семейная викторина « Мой Казахстан»  Досжанова Зина Медетбаевна 
Мұғалімдер арасында коучинг «Критериальное оценивание  учебных достижений учащихся в рамках обновленного содержания образования»  Мясцова  Елена Анатольевна
     Семинар өз деңгейінде  өткізіліп, соңында кері байланыс жүргізіліп қатысушы мұғалімдер өзара пікір алмасып, сабақ берген мұғалімдер білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив