"Ұлағатты ұлы тұлға" » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұлағатты ұлы тұлға"
02
ноябрь
2023

"Ұлағатты ұлы тұлға"

N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп- лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Ж.Әнуарованың ұйымдастыруымен Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына орай "Ұлағатты ұлы тұлға" атты еске алу кеші болып өтті. Еске алу кешінде Ж.Әнуарова Т.Жүргеновтің өмір жолы мен еңбек жолына шолу жасап, қазақ халқына жасаған игі істерімен бөлісті. Т.Жүргенов 1898 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеген келген. Қазақ АКСР Халық ағарту комиссары болған.
Мамандығы: публицист, редактор, аудармашы, ұстаз. Алғашқы білімін Тұрмағамбет Ізтілеуов ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауатын ашады. Кейін Перовскідегі Суханский атындағы училищеде бастауыш білім алған.
1923 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің құқық факультетіне оқуға жіберілді.
1926 жылы Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтының директоры. 1929 жылы Тәжікстан үкіметінің қаржы комиссары.
1933-1937 жылдары Қазақстан үкіметінің Халық ағарту комиссары қызметтерін атқарды.1937 жылы КСРО Кеңесіне депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Осы жылы 3 тамызда "халық жауы" деген жалған айыппен ұсталып, РКСФР Қылмыстық Кодексінің 58-бабының 10,11-тармақтары бойынша ату жазасына кесілді. КСРО Жоғары сотынының әскери комиссиясының 1957 жылы 18 сәуірдегі шешімімен кінәсіз жазаланғаны анықталып, ақталған. Еске алу кешіне 9-сынып оқушылары, тарих пәні мұғалімдері қатысты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив