19
октябрь
2022
"Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл".
"Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл". "Ақмаңдайлымды" әуелеткен қазақтың бұлбұлы" атты әдеби-сазды кеші.
Биыл Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай, "Өнер кереметі мәңгі жасайды!" Өнер апталығы аясында музыка пәні мұғалімі Айнаш Қожантайқызының ұйымдастыруымен "Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл"."Ақмаңдайлымды" әулеткен қазақтың бұлбұлы" атты әдеби-сазды кеші өтті.
Мақсаты: КСРО Халық әртісі, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақстанның халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланованың халқына, ән өнеріне сіңірген зор еңбегін ұлықтап, жас буын арасында дәріптеу.
Кеш қонақтары Сырдария аудандық мәдениет үйі жанындағы жылжымалы мәдени-демалыс кешеннің
меңгерушісі Бекшаева Нағима апай және көркемдік жетекшісі Жәкешова Динара.
Кеш барысында Роза Бағланованың өмір баяны, өз орындауындағы әндері, тарихи бейнежазбалары мен арнайы қонақтарымыздың дайындаған сазды бағдарламасы үйлесін тапты. Танымдық, еске алу кеші мәнді де, сәнді өтті.
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1477649026073485/554141936713045https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1477649026073485/516342693671814
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1477649026073485/5895168993840628
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1477649026073485/5790414411020284







