⚜️"ӨНЕРІМ САҒАН, ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНЫМ" өнер апталығының аясында "Ел іші - өнер кеніші" кездесу кеші⚜️ » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ⚜️"ӨНЕРІМ САҒАН, ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНЫМ" өнер апталығының аясында "Ел іші - өнер кеніші" кездесу кеші⚜️
26
октябрь
2021

⚜️"ӨНЕРІМ САҒАН, ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНЫМ" өнер апталығының аясында "Ел іші - өнер кеніші" кездесу кеші⚜️


      Кез келген ұлттың өзіндік кескін - келбеті мен болмыс - бітімін айқындайтын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мәдениеті десек, өнер сол мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Әсіресе, қазақ халқының  ерте заманнан келе жатқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті мен бар болмысы өнермен байланысты. Сондықтан өнердің қай түрі болмасын ата-бабамыздан қалған асыл мұрамыз, таусылмас қазынамыз екені даусыз. 
    Халқымыз ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ өнері тек қана алға жылжып, дамып келеді. Өнер біткеннің қайнар көзі халық шығармашылығында жататыны мәлім.  Өнер салаларының өсу жолында талай тамаша талаптар бой көтеріп, өркен жайған.  Әр талапкер өзінің туған топырағында дәстүрлі өнерді игеріп, оны ілгері дамыта отырып, өркен жаяды. Қадым ғасырлар қойнауынан басталатын осы тамаша дәстүр әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді.  
      Біздің Сыр елі де осындай өнер иелеріне бай өлке. Солардың бірі де бірегейі ағаштан түйін түйген, қарапайым ағашты әдемі бір дүниеге айналдыра білген, төзім мен шыдамдылықты серік еткен талантты шебер, ұстаз Маханбетов Жәнібек Асанұлы - ҚазССР білім беру ісінің үздігі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Сырдария ауданының құрметті азаматы, ҚР Мәдениет саласының үздігімен ү.ж. 20 қазан күні "Өнер" апталығының аясында көркем еңбек пәні мұғалімі Алибаева Динара Сұлтанханқызының ұйымдастыруымен "Ел іші - өнер кеніші" атты кездесу кеші өтті.  Бүгінде жасы жетпістен асқан шағында ақсақалдың өмірден көрген - түйгені көп, тәжірибесі мол, айтары да аз емес. Ақсақал не айтса да, қандай әңгіме қозғасада, қазақ халқына жаны ашып айтатыны, ұлтымыздың құндылықтарының маңыздылығын оқушыларымызға жеткізе білді.  Ұсталық өнердің қыры мен сырын жетік білген шеберіміз  жас ұрпақпен өзінің өнер жолындағы сырларымен бөлісе отырды. Бұл туралы сағаттап айтады. Ол кісінің жанында отырып, әңгімесін тыңдағанның өзі  тыңдаушы жас ұрпаққа ғибрат, тәлім - тәрбие берері сөзсіз.  "Ел іші - өнер кеніші" деп қазақ халқы бекер айтпаған, себебі осындай өнер иелерінің арқасында қазақ халқының колөнері ұрпақтан ұрпаққа жалғасады. Жәнібек Асанұлына зор денсаулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив