21
октябрь
2021
МЕКТЕП АТА-АНА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚЫРЛАРЫ.
Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі болып табылары сөзсіз.
Ата-аналар ұйымының рөлін көтеру кез келген мектеп үшін оңай іс емес. Көп жағдайда бұл мәселе ата - аналардың жұмысбасты болуына байланысты уақыттарының жетіспеушілігі сияқты объективті себептермен түсіндіріледі. Сондықтан, мектеп бастамашылық жасап, үштік одақ ынтымақта жұмыс жасау үшін өз тарапынан түрлі ұйымдастыру жұмыстарын негізге алып отырады. Осы орайда, мектебімізде сынып жетекшілеріміз ата - аналар үшін жаңа форматтағы бас қосу - коучингтер ұйымдастыруда.



