АЙМАҚТЫҚ АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АЙМАҚТЫҚ АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
14
март
2022

АЙМАҚТЫҚ АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін облыс әкімдігінің қолдауымен, «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен “Ата-ана, ұстаз, оқушы: Болашаққа бағытталған ынтымақтастық” атты аймақтық ата-аналар форумы өткізілді.
Баланың кемел адам болып қалыптасуында ата-ана рөлін айқындау мен мұғалім, оқушы, ата-ана үштік одағының ынтымақтастығын нығайту, педагог мәртебесін насихаттау мақсатын көздеген форум оффлайн және онлайн түрде жүзеге асырылды.
Аймақтық форум жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбек, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Дамир Жүнісов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шаменова, Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Нұркен Асанов және 500-ден астам ата-аналар мен ұстаздар қатысты. Сонымен қатар жиынға Ы.Алтынсарин атындагы Ұлттық білім акадеиясынын вице-президенті Нұрбек Пұсырманов «Zoom» арқылы байланысқа шықты.
Форум үш бөлімнен тұрды: Пленарлық отырыс, бала тәрбиесіне қатысты семинар-тренингтер, ата-аналармен пікір алмасу. Пленарлық отырысты бірлестіктің төрағасы Рақымбек Жолаев жүргізіп отырды. Сонымен қатар алқалы жиында спикерлер жаңа мамандықтар, ата-ана мен мектеп байланысы және отбасы мәселелері тақырыбында баяндама жасап, бала тәрбиесі жайлы ұсыныстарын ортаға салды.
Мұнан соң жиын қатысушы ата-аналар мен қонақтарға тақырыптық спикерлердің қатысуымен семинар-тренингтермен жалғасын тапты. Тренингті бала тәрбиесіндегі эксперт-маман, педагог Елжас Ертайұлы, «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының директоры Ақбаян Жакипова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры Рабиға Игенбаева жүргізіп, түрлі тақырыптарда өз ойларымен бөлісті.
Шара соңында сарапшы мамандар ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, кері байланыс жұмыстарын жүргізді.








Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Ckedwh
4 октября 2023 20:22
Uflmdi
4 октября 2023 21:01
Gqpbvb
4 октября 2023 22:03
Zbumis
5 октября 2023 00:37
Dkwksj
5 октября 2023 01:54
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 103 Вперед