31
декабрь
2021
Қадірлі ұстаздар! Құрметті әріптестер! Келе жатқан 2022 жыл құтты болсын!
Жаңа жыл - қай халықтың да зор қуанышпен асыға күтетін мерейлі мерекесі.
Өткен жылды саралап, келешекке бағдар жасап,батыл жоспарлар, үлкен міндеттер жүктелетін айрықша сәт.
Өткен жыл білім саласы үшін жетістіктері мол, табысты жыл болды. Барлық көрсеткіштер бойынша жағымды оң динамиканы сақтап қалдық.
Әрбір қол жеткізген жетістігіміз – Сіздердің зор еңбектеріңіздің жемісі.
2021 жылды нәтижелі аяқтап, білім саласының өркендеуі мен дамуына қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін!
Заман талабына сай алдағы уақытта да білім саласындағы жетістіктер жаңаша жандана түсері анық.
Жаңа 2022 жыл асқаралы биіктерді бірге бағындыратын берекелі, жасампаз жыл болсын! Жаңа жылда армандаған армандарыңыз орындалсын, күткен үміттеріңіз ақталсын, жақсы ойларыңыз жүзеге асып, жағымды жаңалықтарыңыз көп болсын!
Еліміз еңселі,халқымыз бейбіт,Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Игі тілекпен,
аудандық білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Съездұлы
