Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын. » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын.
04
сентябрь
2023

Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын.

Құрметті әріптестер! 
Сіздерді дәстүрлі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын.
Адам өміріндегі сарқылмас қазына - ол білім. Адам баласы барлық арман, мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. Бүгін барлық білім беру мекемелері есіктерін айқара ашып, білім нәрімен сусындауға келген Отанымыздың жастарын, бүлдіршіндерін құшақ жая қарсы алуда.
Бүгінгі оқушы - білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, үштілді еркін меңгерген тұлға болуы керек. 
Осы мақсатқа жету жолында N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей ұжымы қажырлы еңбек етуде. Оның дәлелі - өткен оқу жылында білім саласының барлық деңгейлерінде жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде алға қойған мақсат, міндеттерімізге қол жеткіздік. Ұстаздар қауымы және шәкірттеріміздің үздіксіз ізденістерінің арқасында жетістіктерге толы табысты жыл болды деп есептеймін. 
Мектеп-лицейде 2 оқушы “Алтын белгі”, 7 оқушы “Үздік аттестатқа” ие болды. Мектепті 53 оқушы аяқтап, олардың 49-ы ҰБТ-ге қатысып, орташа балы 87 пайызды көрсетті. Талапкерлердің 90 пайызы мемлекеттік грант иегері атанды. 
Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектепке турникет, бейнебақылау, дабыл түймелері орнатылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Мұның бәрі де мемлекеттің балалар болашағы үшін жасап отырған қамқорлығы. Сондықтан да білім бәсекесінде бағытымыз айқын екеніне көз жеткізуге болады.
1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
N36 мектеп-лицей директоры
Төреқұлова Жанар Шәріпқызы

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив