04
сентябрь
2023
30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймын!
Құрметті Қазақстандықтар, жерлестер, әріптестер!
Баршаңызды 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймын!
1995 жылы бүкілхалықтық референдумда Конституцияның қабылдануы барлық қазақстандықтар үшін ерекше оқиға болды.
Конституция - халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды.
Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, амандық, Қазақстан Республикасын өркендету жолында толағай табыстар мен жетістіктер тілеймін!
Ізгі ниетпен,
N36 мектеп-лицей директоры
Төреқұлова Жанар Шәріпқызы
