ҚҰТТЫҚТАУ! » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
июнь
2023

ҚҰТТЫҚТАУ!

ҚҰТТЫҚТАУ!
Құрметті ұжымдастар!
Баршаңызды 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні мерекесімен құттықтаймын!
Отанға деген сүйіспеншілік - отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие - бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі.Сондықтан да жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам болып саналады. Өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ арқылы біз еліміздің ертеңіне айналар саналы ұрпақ тәрбиелейміз. 
Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз. Ендеше, Отанымыз, Тәуелсіз мемлекетіміздің мәртебесі одан әрі артып, көк байрағы биіктен желбірей берсін! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, мықты денсаулық, ырыс-береке, толағай табыстар тілеймін.
Ізгі ниетпен,
N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің директоры Төреқұлова Жанар Шәріпқызы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив