“ЖАСЫЛ МЕКЕН” » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ЖАСЫЛ МЕКЕН”
20
июнь
2023

“ЖАСЫЛ МЕКЕН”

“ЖАСЫЛ МЕКЕН” республикалық челленджі. 
Бүгін еліміз бойынша бастау алған “Жасыл мекен” республикалық челленджіне  N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің білім алушылары мен ұстаздары белсене қатысты. 
Тазалық- денсаулық кепілі. Тазалық табалдырықтан басталады. Сондықтан да біз бүгінгі “Жасыл мекен” республикалық челленджін пайдалана отырып өзіміздің мектеп-лицейіміздің айналасын көркейту-көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысудамыз!
Аталмыш шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Сьездұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің мұғалімі, биология ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор Құрманбаев Рахат Хамитович және мектеп-лицейіміздің директоры Төреқұлова Жанар Шәріпқызы қатысып, оқушылармен бірге тал егіп, өз үлестерін қосты. 
Аудандық білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Сьездұлы білім алушылардың қоршаған ортаға деген қамқорлығы мен еңбекқорлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған акцияның тәрбиелік мәні зор екенін атап өтіп, акцияға қатысушыларға шынайы разылығын білдірді.
Осылайша біз бүгінгі акцияда мектеп-лицейіміздің айналасының көркеюіне өз үлесімізді қостық.
Менің мектебімнің көркеюі - менің елімнің гүлденуі!




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив