«ҮЗДІК ЖАСЫЛ МЕКТЕП-2021» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ҮЗДІК ЖАСЫЛ МЕКТЕП-2021» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
14
декабрь
2021

«ҮЗДІК ЖАСЫЛ МЕКТЕП-2021» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

Байқау мақсаты: «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасын қолдау мен экологиялық білім беруді дамыту.
❗Байқау міндеті: энергия және су ресурстарын үнемдеуге ынталандыру, экологиялық таза технологияларды қолдануға, сондай-ақ қоршаған ортаға бағытталған жұмыста қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесу, экологиялық мәселелерге, орнықты дамуға, ресурстардың ұтымды пайдаланылуына орта білім беру ұйымдарының назарын аудару.
📌Байқау 5 бағыт бойынша өткізілді: 
✅1. Биоалуантүрлілік  бағыты: – өсімдіктердің, құстардың, ағаштар мен бұталардың  әртүрлілігін және оны көбейту жолдарын зерттеу, мектеп аумағының картосхемасын құру, шөптесін және ағаш өсімдіктерінің, жәндіктердің, құстардың түрлері туралы ақпаратты білу.
✅2. Энергия үнемдеу бағыты – табиғи ресурстарды сақтау мен ұлғайту жолдары, мектептегі энергияны тұтыну орындарын зерттеу, мектеп ғимаратының схемалық жоспарында энергияны тұтынатын негізгі құралдарды көрсету,  энергияны ұтымды пайдалану бойынша жадынамалар әзірлеу.
✅3. Суды үнемдеу бағыты – су мен су объектілерін пайдалану, оларды сақтау, қорғау, су ресурстарын сақтауға бағытталған практикалық көмек, мектептегі су тұтыну орындарын зерттеу, мектептегі суды тұтыну туралы ақпаратты зерттеу және талдау, мектепте су тұтыну көлемін азайту.
✅4. Қалдықтарға сараптама жасау бағыты – қалдықтар  құрамын зерттеу, қалдықтарды қайта өңдеу, қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру, органикалық қалдықтарды компостау. 
✅5. Ақпараттық-экологиялық шаралар бағыты – акциялар,  көрмелер, байқаулар, экологиялық бастамалар, жергілікті тұрғындарға экологиялық білім беру. Табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың инновациялық технологиялары.
📍Байқау нәтижелері: 
🥇І орын – Қызылорда қаласы, №261  орта мектеп. «Жасыл мектеп» жобасының 5 бағыты бойынша материалдар мен дәлелдемелер толық ұсынылды. 
🏆«Үздік экологиялық жоба» номинациясы – Сырдария ауданы, №36 мектеп-лицейі.
🏆«Үздік жасыл оазис» номинациясы – Қармақшы ауданы, №199 орта мектеп. 
👤⚖Қазылар алқасы мүшелері:
✔1. Р.Х.Курманбаев - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, б.ғ.к.;  
✔2. С.Қ.Асқаров – Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) директоры;
✔3. М.Д.Смаханова – Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейі мұғалімі, «Жасыл мектеп» пилоттық жобасын ендіру бойынша тірек білім беру ұйымының өкілі.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив