14
июнь
2023
Химия-биология ғылымының құпиясы
№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп лицейінде 10-14 сәуір аралығында өтетін "Химия-биология ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік" атты биология -химия апталығының ашылуы болды.
Апталықтың ашылуына барлық оқушылар белсенді қатысты.
8 "г" сынып оқушысы З.Дастанова банан өнімінен ДНҚ жіпшесін алу тәсілін көрсетсе, 8 "а" сынып оқушысы Д.Семенов "Слоновая зубная паста" тәжірибесімен бөлісті. Ашылу салтанатының соңында мектеп-лицей директоры Ж.Төреқұлова сөз сөйлеп, апталыққа сәттілік тілеп, оқушыларды белсене қатысуға шақырды.



