14
июнь
2023
ТАЛ ЕГУ - ТӘРБИЕ БАСПАЛДАҒЫ.
ТАЛ ЕГУ - ТӘРБИЕ БАСПАЛДАҒЫ.
«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі. Тал – бейбітшілік нышаны, табиғаттың нәзіктілігі және оны қорғау қажеттілігін еске түсіретін белгі.
7 сәуір күні осы қағиданы ұстанған №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің ата-аналарының демеушілік жасауымен, 4-сынып оқушыларының қатысуымен дәстүрлі "Ағаш отырғызу" акциясы өткізілді.
Акцияның басты мақсаты - оқушыларға жақсы үлгі көрсету, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға дағдыландыру, еңбекке баулу, туған жерді қастерлеуге үйрету, мектеп ауласын көркейту - көгалдандыруға өз үлестерін қосуға баулу болып табылады.
Оқушыларымыз табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыластарын оятып 100 түп терек ағашын отырғызып игі іс жасады.
Осындай игі бастаманың себепкері болған сынып жетекшілері Маханова Шолпан Базарбаевна мен Жарылқапова Алмагүл Серікқызына, ата-аналарға, оқушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз.








