30
сентябрь
2022
"ДУБЛЕР КҮНІ"
N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні білім алушылар арасында жауапкершілік сезімін арттырып, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру, білім алушылар арасындағы достықты нығайту , шығармашылық қабілеттерін арттырып, коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту , ең бастысы белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқаруға тарту мақсатында “Дублер күні” өткізілді. Мұғалімдер мерекесімен құттықтау үшін оқушылар ҚҰРМЕТ дәлізін ұйымдастырып, мұғалімдерге деген құттықтау тілектерін жеткізді. Белсенді оқушылар тобынан және мектеп парламенті мүшелерінен құрылған дублёрлар ішкі тәртіп ережелерін сақтай отырып бекітілген кесте бойынша сабақтар, сынып сағаттарын өткізді. Радио-хабарлама арқылы мектептің АҚПАРАТ министрі мектептің барша ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтай отырып дублёрларға сәттілік тіледі. Мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының дублері А.Уалибекова “Қыздарға әсемдік жарасады” тақырыбында 8-10 сынып қыздарымен әңгіме-сұхбат жүргізді. Мектеп психологі дублері А.Әбжанов 5-сынып оқушыларымен психологиялық тренинг жүргізді. Дублер күнінің соңында педагогикалық ұжым мен дублерлардың қатысуымен педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңесте өткізілген іс-шаралардың кері байланысын алу үшін мұғалімдерден сауалнамалар алынып, атқарылған жұмыстардың қорытындысын жасады. Белсенді қатысқан білім алушылар марапаттауға ұсынылды.
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1461917914313263/1448331065647058