27
сентябрь
2022
"ДУБЛЕР КҮНІ"
N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде мұғалімдер күніне арналған “Дублер күнін” өткізу мақсатында бастамашыл топ және мектеп парламенті мүшелерінің қатысуымен дублер-білім алушылардың жиналысы өтті. Дублер күні кезінде лауазымы мектеп оқушысы ауыстырылатын дублер-оқушылар алдын-ала егжей-тегжейлі өз міндеттерін айқындап, “Дублер күнін” өткізу ережесімен танысты. Бұл күнді өткізудің басты мақсаты - мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру болып табылады.




