«Жаз мезгілінде су айдындарында білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу» тақырыбында жалпы мектепішілік ата—аналар жиналысы. » №36 орта мектебі
Қызылорда облысы
Сырдария ауданы білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаз мезгілінде су айдындарында білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу» тақырыбында жалпы мектепішілік ата—аналар жиналысы.
24
май
2022

«Жаз мезгілінде су айдындарында білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу» тақырыбында жалпы мектепішілік ата—аналар жиналысы.

   2022 жылдың 23 мамыр күні №36 Ә.Тәжібаев  атындағы мектеп—лицейінде оқушылардың демалыс кезіндегі өмірі мен  қауіпсіздігіне байланысты «Жаз мезгілінде су айдындарында білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу» тақырыбында жалпы мектепішілік ата—аналар жиналысы болып өтті.  Ата—аналар жиналысына аудандық білім блімінің әдіскері  Ж. Нұртазаева, аудандық ІІБ бөлімінің полиция капитаны, мектеп—лицей инспекторы А. Нурумбетова,   аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты М.Теңізбай және мектеп—лицей директоры Ү.Жұмабаева қатысты. 
   Жаз мезгілінің балалар үшін сауық—сайран мен жайбарақаттық кезең екенін еске салған мектеп—лицей директоры, алдағы уақытта  ата—аналардың балаларының өмір қауіпсіздігіне оның ішінде,  жолда жүру қауіпсіздігін сақтауға,  бөгде аламдардың ұсынған заттарын алмау,  танымайтын  көліктерге мінбеу,  интернеттен тыйым салынған сайттарға кірмеу керектігі ескертілді. 
   Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерін біліп, оны балаларына ескертуі үшін мамандар  қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті.  Әртүрлі аймақтарда орын алып жатқан келеңсіз оқиғаларды мысалға келтіре отырып,  🪐интернет, жол,  💧су, 🔥 өрт қауіпсіздіктеріне жеке—жеке тоқталған мамандар,  ата—аналарға демалыс күндерінде балаларына бас—көз болуды,  заңды өкілінсіз көшеде жүрмеуді,  баланы қадағалаусыз қалдырмауды  тапсырды.
   Сонымен қатар,  мектеп инспекторы А. Нурумбетова түнгі уақытта оқушылардың үйден тыс жерлерде яғни,  көшеде, Playstation ойын орталықтарында жүру фактілерінің алдын алу мақсатында ата—аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Балалардың жаз мезгілінде топтық төбелестерге қатыспау,  ойын—сауық кештеріне бармау, қоғамдық орындарды ластамау,  көлік жүргізбеуін қадағалап,  ата—аналардан бала өмірінің қауіпсіздігін басты назарда ұстауларын тапсырды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив