12
март
2022
"ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ" АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен N 37 мектеп-лицей ,
N 129 мектеп-лицей базаларында " Ұлттық мектеп лигасының" "Футзал" кіші футбол спорт түрі бойынша аудандық іріктеу жарыстары өткізілді. Аудандық іріктеу 7-8 сынып (ұлдар-қыздар) оқушылары арасында өткізілді. Аудандық іріктеуге 230 оқушы қатысты. Жарыс қортындысы бойынша "футзал" (ұлдар) спорт түрі бойынша І орын N 126 орта мектеп, ІІ орын N 129 мектеп-лицей, ІІІ орын N 36 мектеп-лицей командалары жеңіп алды.
"Футзал" (қыздар) спорт түрі бойынша І орын N 37 мектеп-лицей, ІІ орын N 36 мектеп- лицей, ІІІ орын N 129 орта мектеп командалары жеңіп алды. Жеңімпаз командалар облыстық іріктеу жарыстарына жолдама алады.



