26
ноябрь
2021
Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" жалпы білім беру мектептеріндегі тәрбие мамандарының аудандық семинары өтті.
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық.
Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, ал зорлық-зомбылыққа қарсы күрес
барша адамзат баласына борыш.
Осы орайда аудандық білім жоспарына сәйкес N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейі ұйымдастырумен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологы, әлеуметтік педагог мамандарына арналған "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинар мақсаты:
- Мектептегі оқушылар арасындағы күш көрсетудің алдын алу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру жолдарын қарастыру;
- Баланың қалыптасуна тікелей әсер ететінін тұрмыстық, психологиялық зорлық-зомбылықтың алдын-алудағы ата-аналардың рөлін айқындау;
- Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мақсатындағы тәрбие жұмыстары тәжірибесімен бөлісу.
Міндеті:
Балалардың зорлық-зомбылық, қатыгездік мәселелеріне қауымның назарын аудару,
сонымен қатар қоғамда балаларға қатыгездік жасауға жол бермеу.
Семинар қатысушыларын жағымды ахуал тудырған психологиялық-тренингтен кейін мектеп-лицей "Өзін-өзі басқару" ұйымы мүшелері қарсы алып, "Бос уақытты тиімді пайдалан" мектептің үйірме жұмыстарымен таныстырып өтті.
Іс-шара барысында мектеп-лицей ұстаздары Г.Әділбекова "Қатыгездік – қоғам қасіреті" тақырыбында тәрбие сағатын, мектеп-лицей психологы Н.Сайфудинова "Отбасым – бақыт мекенім" атты ата-аналармен психологиялық тренинг, Қ.Сәдуова "Отбасы және мектеп: зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында тәрбие сағатын, Г.Ерғалиева "Бала тәрбиесі – ортақ міндет" тәрбие мамандарына арналған коучинг, мектеп-лицейдің әлеуметтік педагогы А.Кажденбекова – әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан оқушылармен жұмыс жүргізу құжаттамасы бойынша шеберлік сағатын, М.Сейдікәрімова мен Л.Ауминова оқушылардың қатысуымен дебат өткізді. Биылғы жылы іске асқан "Мектеп театры" жобасы негізінде М.Есқалиеваның жетекшілігімен шағын қойылым көрсетілді. Семинар қонақтары қойылымда көрсетілген жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік жасау, зорлық-зомбылық, т.б. қоғамдағы проблемаларға оқушы көзімен сезінуге мүмкіндік алды.
Мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Тұрлыбекова жүргізген "Ашық алаңда" аудан мектептерінің тәрбие мамандары және арнайы шақырылған қонақтар: аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны А.Нұрымбетова, аудандық психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері А.Оразбаевалар пікіралмасып, семинар қорытындыланды.
Семинарды соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Ғ.Бақтиярова ұйымдастырушы ұстаздар қауымына алғысын білдіріп, белсенді қатысушылар білім бөлімі басшысының Алғыс хатымен марапатталатынын айтты. Мектеп-лицей директоры Ү.Жұмабаева қатысушыларға алғысын білдіріп, тәжірибе алмасу жұмыстары әлі де жалғасын табатынын айтты.









