АУДАН ӘКІМІ ЖҮЛДЕГЕР ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ » №36 орта мектебі
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АУДАН ӘКІМІ ЖҮЛДЕГЕР ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
10
март
2022

АУДАН ӘКІМІ ЖҮЛДЕГЕР ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «Елбасы медалі» жобасы және  республикалық ғылыми жобалар конкурсы жеңімпаздарын қабылдады.
 ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың дарынды балалар мен жастарды анықтау мен қолдауға бағытталған ««Ел Үміті» бастамасы аясындағы «Елбасы медалі» жобасына №36 Әбілда Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің 14 оқушысы қатысып, «Қола медалін», «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өткізілген республикалық ғылыми жобалар конкурсына    Қ.Баймағанбетов атындағы №42 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Нұржайна Жұбатқан қатысып  ІІ дәрежелі диплом және күміс медаль иеленді. 
- Оқушылардың бағындырған белестерінің артында ұстаздардың да қажырлы еңбегі тұр. Білім сапасын дамытуға  арнаған адал еңбектері үшін ұстаздарға да шексіз ризашылығымды білдіре отырып, игілікті істеріңізге әрқашан асқақ абырой мен жоғары мәртебе тілеймін! Алдағы уақытта да шәкірттеріңіз білім сайыстарынан топ жарып, жеңіс тұғырынан көріне береді деп сенемін,- деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы. 
Шара соңында мектеп ұстаздары мен жүлдегер шәкірттеріне   аудан әкімінің алғыс хаты мен  сыйлықтары табыс етілді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив