15
декабрь
2021
АУДАН ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
2021 жылдың 14 желтоқсан күні аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ауданның 20 дарынды оқушыларымен кездесті.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» тақырыбында №137 орта мектеп базасында өткен кездесуге халықаралық білім, өнер және спорт сайыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ, қатарынан оза шапқан бірнеше талантты жастар қатысты.
Кездесуге қатысқан дарынды оқушылардың бірі әкімге терме айтып берсе, екіншісі жас өрендерге арнауын тарту етті. Сонымен қатар олимпиадалар мен ғылыми жобалардың, халықаралық, республикалық өнер байқауларының жеңімпаздары өздерінің жетістіктері туралы айтып, жоспарларымен ой бөлісті. Жастар болашағына сенім артқан, қолдау көрсеткен аудан әкіміне алғыстарын білдірді.
Аудан әкімі ертеңгі елдің тізгіні қандай ұрпақтың қолында болатынына көз жеткізіп, олардың білімі мен өнеріне тәнті болды.
Қызыққа толы кездесу үшін балаларға алғысын білдіріп, көптеген сұрақтарға жауап берді. Оқушылар да өз ойларын ортаға еркін тастады.
Кездесу соңында дарынды оқушыларға аудан әкімінің алғыс хатымен сыйлығы табысталды.




