19
июнь
2023
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!
2023 жылдың 25 сәуір күні аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев тоғызқұмалақтан республикалық ұлттық мектеп лигасында 7-8, 9-10 сынып оқушылары арасында жеңіске жетіп, чемпион атанған N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей құрамасының оқушыларымен кездесті. Аудан әкімінің орынбасары кездесу барысында ауданның жетістігі тағы бір үлкен жеңіспен толыққанын, бұл жеңістің күшті рух пен үздіксіз шынығу мен үлкен еңбектің арқасында келгенін айтып өтті. Кездесуде ауданымыздың абыройын асқақтатқан оқушыларымызға аудан әкімінің алғыс хаты мен арнайы сыйлығы табысталды.

