19
июнь
2023
ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ ТӘРБИЕСІ.
ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ ТӘРБИЕСІ.
24 сәуір күні №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында Аудандық аналар кеңесінің төрайымы, ауданымыздың құрметті азаматы Өтегенова Балшекер Сұлтанбекқызы мен Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, ауданымыздың құметті азаматы Жаналиева Ұлмекен Шанайқызының қатысуымен мектеп-лицейіміздің 8-11 сынып қыз балаларымен өнеге сабағы болып өтті. Сабақ барысында қонақтарымыз Ұлмекен Шанайқызы мен Балшекер Сұлтанбекқызы қыз балаларымызға өз ақыл-кеңестерін айтып, қыз бала болашақ ана, ана - әйел адам екенін айта келе, әйел - бесік иесі, демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейтінін тілге тиек етті. «Қызым үйде – қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім киісі тәрбиенің негізі болып саналатынын айта келе, «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, ұлыңа, халқыңды тәрбиелеймін десең, қызыңа тәлім бер» деген сөз бекер айтылмағанын сөз етті. Сабақ соңында мектеп-лицей директоры Жанар Шәріпқызы сөз алып, «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан - жақты сұлулықтың рәмізі екенін ескертіп, рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық тәрізді қасиеттерді бойларына сіңіре білуге шақырды. Қорытынды сөзді мектеп-лицейіміздің 8 "г" сынып оқушысы Дастанова Зере Ерболқызы алып, бүгінгі өнеге сабақтан алған мол әсерімен бөлісті.