"ТҮЛЕК 2022 - ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ" » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ТҮЛЕК 2022 - ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ"
18
июнь
2022

"ТҮЛЕК 2022 - ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ"

    N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде ү.ж. 16 маусым күні  11 сынып оқушыларына “ТҮЛЕК 2022 -ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ”🎓🎓🎓 тақырыбында жалпы орта білім  туралы аттестат салтанатты түрде  табысталды. 
    Мемлекеттік гимнмен бастау алған шарада мектеп-лицей директоры Үміт Қонысбайқызы сөз алып, аттестат алушы оқушыларға сәттілік тілеп, түлектерімізге салтанатты түрде аттестат тапсыру рәсімін бастады.
   ✅✅✅Биылғы жылы 38 шәкірт алтын ұя мектебінен қанат қағып, үлкен өмірге жолдама алды. Олардың барлығы  мектепті сәтті аяқтап,  оның ішінде 6 түлегіміз «Үздік аттестат» иегері атанды. 
   ♻️♻️♻️Аталмыш салтанатты шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Ғалымжан Болатұлы және  аудандық  білім  бөлімінің   әдіскері Салтанат Қуанышбекқызы қатысып,   мерекелік тілектерін жеткізді.
   Көңілдерін шаттық пен қимастық сезімі кернеген бітіруші түлектердің  қуанышты сәтіне куә  болған ұстаздары мен ата-аналары да ыстық ықыластарын білдіріп, түлектерге сәт сапар тіледі.    
🎓🎓🎓🎓🎓🎓🎓🎓🎓🎓🎓🎓🎓🎓🎓🎓
          Алқынып арман қуған жүректері,
          Бұл күн-дағы өмірдің бір өткелі.
          Орындалсын ойдағы армандарың,
          Шыңға өрлеңдер,  Тәжібаев түлектері!
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1388680948303627/1260547984752184
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив