20
октябрь
2022
👩🍳👩🍳👩🍳"Аспазшылар күні - ең дәмді мереке!"
"Өнер кереметі мәңгі жасайды!" тақырыбындағы Өнер апталығының аясында көркем еңбек пәні мұғалімі А.Мыңжасарованың ұйымдастыруымен 20 қазан - Аспазшылар күніне орай 7-8 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері арасында "Шебер аспаз" атты сайысы өтті. Аспаз мамандығы - әлемдегі ең көп сұранысқа ие және көне мамандықтардың бірі екенін білеміз. Осы орайда сайысқа қатысушыларымыз өздерінің аспаздық қиял мен көркемдік талғамдарын, ептіліктері мен аспаздық шеберліктерін көрсете білді. Үздік өнер көрсеткен оқушыларымызбен сынып жетекшілеріміз марапатталды.




