«Кибербуллинг және телефонға тәуелділік» » №36 орта мектебі
Қызылорда облысы
Сырдария ауданы білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кибербуллинг және телефонға тәуелділік»
19
май
2022

«Кибербуллинг және телефонға тәуелділік»

     № 36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде "Кибербуллинг және телефонға тәуелділік" тақырыбында мектептің барлық сынып оқушыларына тәрбие сағаттарының сериясын өткізілді. Мақсаты оқушыларды интернет желісіндегі қауіпсіздікке баулу.
Оқушыларға кибербуллингтің алдын алу, одан қорғану мен арнайы кеңестерге тоқталу; ұялы телефонға тәуелділік адам денсаулығына пайдасынан зияны  басым екенін айтып түсіндіру.
      Қолданысқа жаңадан ене бастаған кибербуллинг сөзінің түпкі мағынасы мен жас жеткіншекке зияны туралы түсіндіріліп, сынып оқушыларымен пікір алмасу жүргізілді. Қазіргі кездегі әлемдегі ең ауыр мәселелердің бірі ол – әлеуметтік желінің дамыған шағында адам өміріне қауіп төндіретін кибербуллинг мәселесі интернеттегі психологиялық зорлық-зомбылық, сонымен қатар қолына қалам ұстауды енді ғана игеріп келе жатқан жас бүлдіршіндер мен кәмелет жасқа толмаған мектеп оқушыларының ұялы телефонға тәуелділігі туралы сөз қозғалды.  Кибербуллинг түрлері туралы қосымша мәліметтер берілді. Кез келген тұлға әлеуметтік зорлық-зомбылық көрген жағдайда не істеу керектігіне тоқталдық. Атап айтқанда:
• әлеуметтік желіде сол адамды бұғатта
• әлеуметтік желінің әкімшісіне сен туралы айтылған постқа шағым келтір (әдетте ол үшін «report» батырмасын басу жеткілікті)
• ондай хабарламалар/посттарға жауап берме, әйтпесе жағдай ұшығуы мүмкін
• осы хабарламаларды/посттарды дәлел ретінде сақтап қой, яғни скриншот жаса
• бұл жағдайда сені қолдап, не істеу керектігі жөнінде ақыл-кеңес бере алатын ересектерге – ата-анаңа, қамқоршыңа, мұғаліміңе айт
• 111 жедел желісіне қоңырау шал
біраз уақытқа интернеттен шығып, өзіңе ұнайтын нәрселермен айналыс (велосипед теп, қыдыр, киноға бар).






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив