02
февраль
2022
"Қауіпсіз ғаламтор!"💻
Аудандық білім бөлімінің 2022ж. 1 ақпан күнгі N01-18/39 санды хатына сәйкес ата-аналар мен балаларға интернет желісінің зиянды жақтары туралы айту, түсіндіру мақсатында N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей ата-аналарына онлайн форматта жиналыс ұйымдастырылып, оқушылар үшін офлайн форматта сынып сағаттары өткізілді.
Жиналыста күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сынып жетекшілері интернет желісіндегі қауіпсіздік туралы мәлімет беріп, жадынамамен таныстырды. Ата-аналарға балалардың интернет пайдаланудағы қауіпсіздігін бақылау мақсатында ұсыныстар берілді.
Сынып сағаттарында оқушыларға интернеттің пайдасы және зиянды жақтары бойынша ақпарат беріліп, оны қауіпсіз пайдалану туралы түсіндірме жасалды.



