«ТҮЛЕК 2023 - Болашаққа бастар жол!» » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ТҮЛЕК 2023 - Болашаққа бастар жол!»
29
июнь
2023

«ТҮЛЕК 2023 - Болашаққа бастар жол!»

Бүгінгі күн әрбір жас түлектердің жүрек түкпірінде мәңгі сақталып қалатын мектеп өміріндегі соңғы салтанаты. 2023 жылдың 21 маусым күні мектеп бітіруші жас түлектеріміздің «ТҮЛЕК 2023 - Болашаққа бастар жол!» атты аттестат табыстау салтанатты жиыны болып өтті. Салтанатты шараны мектеп-лицей директоры Төреқұлова Жанар Шәріпқызы ашып, бітіруші түлектерге ыстық лебізін білдіріп, "Алтын белгі", "Үздік аттестат" иегерлеріне аттестаттарын табыстады. 
Биылғы оқу жылында 53 түлек мектеп бітіріп, оның ішінде 11 “В” сынып оқушылары Рүстемов Арнұр мен Жақсыбаева Аружан🏅”АЛТЫН БЕЛГІ”, ал Әзірбек Назерке,
Жөргенбаева Гүлнұр, Әбутәліп Жанбота, Бақыт Арайлым , Шәкіратова Аружан, Жумабекова Жаншуақ, Жанаділ Айдана “Үздік аттестат” иегерлері атанды.
Салтанатты жиынның қонақтары AMANAT партиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып пен аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Ғалымжанқызы түлектерге аттестат табыстап, ақ жол, жарқын болашақ тіледі.
Мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлзада Жақсылыққызы әрбір жас түлекке алдарында келе жатқан екінші сынақтарынан сүрінбей өтулеріне сәттілік тілеп, ыстық ықыласын жеткізді. 
Құрметті түлектер, үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! 
Бәріңе ақ жол тілейміз!

  


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив