20
июнь
2023
2023 жылдың 24 мамыр күні N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде ата-аналар жиналысы өткізілді
2023 жылдың 24 мамыр күні N36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа пән мұғалімдері, қамқоршылық кеңес мүшелері, ата-аналар және оқушылар қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. ҰБТ-ге және қорытынды аттестаттауға дайындық туралы;
2. Мектеп бітіру салтанатты жиынын өткізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Ж.Ешмұратова өз сөзінде қыркүйек айынан бастап ҰБТ-ға дайындық ретінде сабақтан соң, қосымша сабақ кестесі жасалып, дайындық жұмыстары жүйелі жүргізіліп отырғанын атап өтті және сол кезеңнен бастап алынған әрбір тесттің қорытындысы бойынша слайд арқылы әр оқушының нәтижесіне тоқталды. 11 сынып оқушыларының мамыр, маусым айларындағы ҰБТ-ге баратын күндерімен таныстырып, уақытылы қажетті құжаттармен бару керек екендігі туралы ата-аналарға ескертілді.
Екінші мәселе бойынша мектеп-лицей директоры Ж.Ш.Төреқұлова сөз алып, мектеп бітіру салтанатты жиыны міндетті түрде мектеп қабырғасында өткізуін, шараға мектеп бітірушілердің мектеп формасымен қатысуын қамтамасыз ету, автокөліктермен кортежге шығуына жол бермеуін және мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру үшін ата-аналардан ақша жинамауын, ата-аналар тарапынан сыйлықтар берілуіне жол бермеуге, табиғат аясына серуендеуге шығуға қатаң түрде тыйым салынатынын атап өтті.
Қамқоршылық кеңес мүшесі, мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы А.Серікбаева сөз алып ата-аналарға айтылып жатқан талаптарды орындау керектігі туралы хабарлады. 11 сынып ата-анасы Ж.Сақыпова өз сөзінде мұғалімдерге балаларына жасап жатқан дайындықтарына ризашылығын білдіріп, күнделікті сынып жетекшісімен байланыста отыратынын жеткізді.


