06
октябрь
2022
ҰСТАЗ АТЫ-БИІК, ӘРІ МӘҢГІЛІК
№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің биология-химия пәні мұғалімі Үміт Жағыпарқызы - өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып жүретін,жаңашыл ұстаздардың қатарында.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" дегендей, ел ертеңі жас ұрпақтың бойына білім мен тәрбиені, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды бәсекеге қабілетті етіп қалыптастыруда ұстаздың еңбегі ұшан - теңіз. Білім саласының майталманы, білгірі атанған ұстаз республикалық, облыстық олимпиада,ғылыми жоба жүлдегерлерін дайындап, бірнеше рет «Алтын белгі», грант иегерлерін шығарды.
«Ұстаздар күні» мерекесінде еңбегі еленіп, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі иегері атанды. Бұл ұстаздың еңбегіне берілген лайықты марапат. Талантты оқушылардың ұлағатты ұстазының зор құрметке бөленуі біз үшін де үлкен қуаныш.
Шәкірттеріне аса мейірімді, шыншыл мінезді, өнегесі асыл, ойы өткір Үміт Жағыпарқызын мерейлі мерекемен құттықтай отырып, деніңізге саулық, шығармашылық табыс, бақ-береке тілейміз.Шәкірттеріңіздің алғысы мен құрметіне бөлене беріңіз!
