16
май
2023
"Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!"
"Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында мектеп-лицей кітапханасында "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!" тақырыбында оқырмандарға арналған әңгіме шолу ұйымдастырылды. Мақсаты: Балаларға ұлтымыздың Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Дүниетанымын,сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұлттық салт-дәстүрлерді білуге, оларды кеңінен дәріптеуге тәрбиелеу. 3"а"сынып оқушылары Наурыз туралы тақпақтарын жатқа және мәнерлеп айтып шықты. Салт-дәстүр бойынша оқушыларға сұрақтар қойылды.Оқушылар кедергісіз жауап беріп отырды.Сонымен қатар кітапхананың оқу залында оқушыларға арналған арнайы "Кітап көрмесі" безендірілді.






