19
март
2022
⚜⚜⚜"ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!"⚜⚜⚜
Жаңару мен жасару мерекесі мектеп-лицейімізде де сән-салтанатымен аталып өтті. Ү.ж наурыз айының 18 күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері М.Сейдікәрімова мен А.Серікбаева ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне орай "Қош келдің, әз Наурыз!" атты мерекелік шарасы өтті.
Әз Наурыз - қуаныш пен мейірімнің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі.
Іс-шара барысында ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді дәріптеп,
әсем ән мен тәтті күй мерекелік көңіл күйге бөлеп, үлкен де, кіші де мәз-мейрам болды.
Ұлыстың ұлы күнінде несібеміз ортаймасын деген тілекпен наурыз көжеден барлығы дәм татты. Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз баршаңызға құтты болсын! Ұлыс бақты, төрт түлік ақты болсын!
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/3205644893000274