14
декабрь
2022
"Мектебіңе кітап сыйла!"📚
Мектеп-лицейімізде мектеп парламенті мүшелерінің ұйымдастыруымен “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Мектебіңе кітап сыйла!” акциясы болып өтті. Акция барысында оқушылар өздері оқып болған кітаптарын, басқа достары да оқу мақсатында мектеп кітапханасына сыйға тартты. Кітап сыйлаған оқушыларға мектеп парламенті мүшелері сыйлықтар табыстады. Акция аясында 200 ден аса кітап мектеп-лицей кітапханасына сыйға берілді.
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/866562884794032