17
май
2022
📚«КІТАП - ӨМІР ҰСТАЗЫ»📚 АТТЫ АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Ү.ж мамыр айының 11 күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап - өмір ұстазы» атты аудан мектептері кітапханашыларының семинары өтті.
Семинардың мақсаты: «Балалар жылы» аясында білім алушылардың оқу мәртебесін, шығармашылық қабілеттерін арттыру, балалар мен жастардың кітап оқуға деген құштарлығын ояту, мектеп кітапханашыларымен өзара тәжірибе алмасу.
Семинар барысында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқылған шығарма бойынша мектеп-лицейіміздің "Мектеп театры" жобасы аясында М.Есқалиеваның ұйымдастыруымен "Сұлу мен Құбыжық" қойылымы қойылды. Әрі қарай "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқылған шығармалар аясында орыс тілі пәні мұғалімі Л.Ауминова "Разум или чувства" тақырыбында дебат турнирін өтті. Мектеп-лицей кітапханашылары Л.Ниязбекова мен З.Үйсімбаеваның ұйымдастыруымен
"Әдеби тосап" оқырмандардың кітапқа деген ой-өрісін дамыту тренингін жүргізді.
N35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің кітапханашысы Ү.Алашбаева Әзілхан Нұршайықов "Махаббат қызық мол жылдар" тақырыбында оқырмандар конференциясын өтсе, N210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің кітапханашысы Ж.Рақышева "Кітап -ой маржаны" пікір алмасумен қорытындылады.
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1366329777205411/577754283597009https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1366329777205411/977308289647869