"МЕКТЕП ТЕАТРЫ" жобасы🎭 » №36 орта мектебі
Қызылорда облысы
Сырдария ауданы білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "МЕКТЕП ТЕАТРЫ" жобасы🎭
04
май
2022

"МЕКТЕП ТЕАТРЫ" жобасы🎭

       Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды 🌈 "Балалар жылы" деп жариялады. Балаларға ерекше назар аудару керектігін айтты. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Президентіміз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажет екенін айта өтті. "Балалар жылы" аясында "Мектеп театры" жобасы әзірленді. Мектеп театры – бұл баланың шығармашылық қабілетін ашуына, тұлғаның шығармашылық бағытын тәрбиелеуге жақсы мүмкіндік береді. Балалар айналадағы әлемде қызықты идеяларын байқап, оларды іске асырып, өзіндік кейіпкердің көркем бейнесін жасауға үйренеді. Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады.  
      Осыған орай 2022 жылдың 27 сәуір күні  "Мектеп театры" жобасы аясында мектеп-лицейіміздің жанынан құрылған мектеп театры ұжымы "Күлше қыз" қойылымын мектеп-лицей оқушыларына ұсынды.
Театр жетекшісі: М.Есқалиева.
Музыкалық жетекшісі А.Қожантай. 

https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1357458791425843/1121632435357919
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1357458791425843/521700436168215
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1357458791425843/1474211582996358






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив