20
апрель
2022
🏆БАС ЖҮЛДЕ "Мектеп театры" 🎭
"Мектеп театры" жобасы аясында "Дисней әлеміне қош келдің!" тақырыбындағы ағылшын тілінде өткен аудандық театрландырылған қойылым байқауында Ә.Тәжібаев атындағы N36 мектеп-лицейінің театр ұжымы жүзден жүйрік атанып, Бас жүлдеге ие болды. Жоба жетекшісі Есқалиева Майра Нажматовна. Музыкалық жетекшісі Айнаш Кожантаевна.
Өнер десе ішкен асын жерге қоятын жандардың бірі, талантты балалардың басын біріктіріп, түрлі қойылымдарды сахналап, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап келе жатқан Майра Нажматовна Сырдария аудандық білім бөлімі басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Оза шауып, жеңімпаз атанған театр ұжымына шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілейміз!!!
https://www.facebook.com/100014852054456/videos/pcb.1348019732369749/507759550850875


