Халықаралық интернет күніне орай «Қауіпсіз интернет» күні іс-шаралар жоспарына сәйкес «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында «Ұшқыр ой» дебат клубы мүшелерінің қатысуымен 7-10 сынып оқушылары арасында дебат турнирі болып өтті.
Мақсаты: оқушыларға интернет туралы толық ой-пікір қалыптастыру, оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа баулу, қарсыластарын тыңдай білуге, өз ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.
Қатысушылар нақты дәлелдер мен факт келтіру арқылы тақырыпқа байланысты өз ойларын тиянақты, жүйелі түрде жеткізе білді.