«Көңілді жаз-2023» » №36 мектеп-лицей
Қызылорда облысы білім басқармасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Тәжібаев атындағы 36 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(72436) 22-6-76
Қабылдау бөлімі:
+7(72436) 21-7-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Көңілді жаз-2023»
20
июнь
2023

«Көңілді жаз-2023»

Жазғы демалыс уақыты жыл бойына оқушының ең көп демалатын мерзімі, бос уақыты көп болады. Жазғы демалыс уақытында баланың жыл бойындағы сабақ оқуынан шаршап қалғандығы білінеді, ол тынығып, күш жинап, денсаулығын нығайтып, шығармашылық жұмыс жасау қабілетін арттырады. Бұл шараларды балалардың күндіз келіп демалатын жазғы сауықтыру лагері іске асырады.№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп – лицейінің жанынан құрылған «Айгөлек» жазғы күндізгі тынығу лагерінің «Көңілді жаз-2023» атты ашылуы тынығушылар және ұстаздармен өткізілді.Салтанатты шараның бірінші бөлімінде тынығушылар лагерь тәлімгерімен ант қабылдау рәсімін өткізді. Екінші бөлім концерттік бағдарламамен жалғасып, мектеп директоры Ж.Шәріпқызы сөз сөйлеп, оқушыларға жылы лебізін білдірді. Қазақ және орыс топтарынан құрылған тынығушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі. Концерт барысында лагерь басшысы Гүлмира Төлеуқызы балаларға көңілді демалыс тілеп, лагерьдің 3 ауысымнан болатынын жеткізді.

 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив